Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, сондай-ақ елдi мекендердiң көшелерi болып бөлiнедi (А-Д қосымшалары).

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерiнiң маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлiнедi:

  1. халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарына көршi-лес мемлекеттердiң астаналарын жалғастырып жатқан, сондай-ақ мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес халықаралық автомобиль жолдары желiсiне кiретiн автомобиль жолдары жатады;
  2. республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарды қоспағанда, республиканың және көршiлес мемлекеттердiң әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлiк қатынасын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдары жатады;
  3. облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына, осы баптың халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарды қоспағанда, республиканың әкiмшiлiк орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады;
  4. аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орта-лықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан авто-мобиль жолдары жатады.
  5. шаруашылық автомобиль жолдарына шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өндiрiстiк-шаруашылық тасымалдарына қызмет көрсететiн, солардың аумағындағы автомобиль жолдары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан оларға кiрме жолдар, ауыл шаруашылық ұйымдарының шаруашылық iшiндегi жолдары, қызметтiк, патрульдiк және жеке меншiк автомобиль жолдары жатады.

Елдi мекендердiң көшелерiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiндегi автомобиль жолдары жатады.

Автомобиль жолдары геометриялық параметрлерiне, сондай-ақ жол жүрiсiнiң жиiлiгiне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жiктеледi. Олардың:

Жол жағдайының негізгі әдісінің бағасы нормативтік және жобалықпен көрсетілетін іс жүзіндегі мәннің салыстырылуы болып табылады. Егер қандай да бір техникалық көрсеткіштердің мәні нормативтік талаптарға сәйкес келмесе, осы көрсеткіштерді шама-шарыққа сәйкес келтіретін жөндеу жұмыстары қажет. Бұл әдіс жол жағдайын техникалық көрсеткіштердің қандай да терімі бойынша қарапайымдылығы мен мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Шындығында жолдың жағдайы көрсеткіштердің көп санымен сипатталады, сондықтан көбінесе жол жағдайын жалпы бағалау туралы қорытынды жасау өте қиын. Көрсетілген кемшіліктерді жою үшін абсолюттік және қатысты сандық көрсеткіштер әртүрлі ақаулардың және деформацияның қатысты сандарымен бірге басқа көрсеткіштердің балына аударылғанда бағалау әдісі қолданылады. Қорытынды бағалау балл санына байланысты жүргізіледі.

Жолдың транспорттық-пайдалану көрсеткіштерінің бағасын жылдың көктемгі-күз мезгілдерінде оның жұмысына қолданылатындай екі белгіні пайдаланумен (көрсеткіш сапасы және жолдың жағдайын және қозғалыстың есептік жылдамдығын қамтамасыз ететін коэффициент) орындайды.

Автомобиль жолдарын жiктеудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбелерiн, оның iшiнде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесiн автомобиль жолдары жөнiндегiуәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынуы бойынша ҚР Үкiметi бекiтедi.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, облыстың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.

Қала көшелерiнiң тiзбесiн қаланың жергiлiктi атқарушы органы бекiтедi.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың жергiлiктi атқарушы мекемелрі облыстардың жергiлiктi атқарушы мекемелерімен келiсiм бойынша бекiтедi.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елдi мекендердiң көшелерi ҚР Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк есепте түрады.

Есеп мәлiметтерi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып жарияланатын ҚР автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшiн пайдаланылады және олардың тізімдерін жұргізеді (А-Д қосымшалары).

Қозғалыстың қарқындылығына байланысты техникалық классификациямен сәйкес салынатын жолдың бәрі бес санатқа бөлінеді (1.1 кесте).

Ортақ қолданылатын жолдың бәрі (халықаралық, респуб-ликандық, обылыстық, аудандық, шаруашылық) габаритті мөлшердегі транспорт құралдарын жіберуге арналған: I–IV категориялы жолдар үшін жалғыз автомобильдің ұзындығы 12м дейін және автопойыздардың ұзындығы – 20м дейін; ені 2,5м-ге дейін, биіктігі 4м-ге дейін, V категориялы жол үшін 3,8м-ге дейін.

Кесте 1.1. Жол категорияларының санаттары

Жол категориясы Есептік қозғалыс қарқындығы, авт/тәулік
Жалпы көлік саны Келтірілген көлік саны
I - а ≥ 7 000 ≥ 14 000
I - б ≥ 7 000 ≥ 14 000
II 3000 - 7000 6000 – 14 000
III 1000 – 3 000 2000 – 6 000
I V 100- 1 000 200 - 2000
V ≤ 100 200

Габариттік мөлшерлері артық көрсетілген транспорт құралдары жалпы қолдануға арнайы рұқсаты бар болғанда және жол қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар өндіру шартымен жол бойына шығуға мүмкіндік алады. Қозғалыстың есеп айыратын қарқындығы жалпы екі бағытта да қабылданады.

I категориялы автомобиль жолдары магистралды жүйрік (I-а категориялы) және магистралды жалпы арнаулы (I-б категориялы) болып бөлінеді.

I және II категорияға жалпы мемлекеттік маңыздағы, негізгі магистралды жолдар, ірі қалалардан аэропортқа дейінгі баратын, өзен және теңіз порттарына қатысты автомобиль жолдары жатады.

III категорияға жалпы мемлекеттік маңыздағы (I және II категорияға жатқан жолдардан басқа) негізгі республикалық, өлкелік, облыстық жолдар, елді мекендерге баратын, темір жол торабына, өзен және теңіз порттарына, жаппай демалатын орындарға, кәсіпорындардың маңыдағы жолдарына, соның ішінде, алшақ кәсіпорындарды біріктіретін немесе солардың өзара топтары, шикізат өндірісін жетілдірумен, темір жол стансаларымен негізгі кәсіпшілік арасындағы жолдарға қатысты автомобиль жолдары жатады.

IV категорияға аудандық және облыстық маңыздағы жолдар, жергілікті белгіленген жолдар, жалпы тораптардың жақындау жолдары, өндірістік кәсіпорындар, ірі құрылыс нысаналары, ауыл шаруашылық кәсіпорындар жатады.

V категорияға жергілікті белгіленген жолдар (IV категорияға жатқан жолдардан басқа), ішкі кәсіптік жолдар және аграрлық кәсіпорынның тұрақты ішкі жолдары, қызметтік және күзеттегі патруль жолдары жатады.

I, II категорияның автомобильдік жолдары жалпы осьтік жүктемемен10т дейін, III – V категорияда 6т дейін салынады.

Қозғалыстың қарқындығы мен көшелердің белгіленуіне бай-ланысты қалалар мен басқа халықтар орналасқан бөлімшелер жүйрік жолдар, магистралды көшелер мен жолдар, жергілікті белгіленген жолдар болып бөлінеді.

Жүйрік жолдар ірі және үлкен қалаларда қарқынды транспортты дүрмектің бағыты бойынша орталық және тұрғын аудандарды жоғарғы жылдамдықпен және жол қозғалысының қауіпсіздігімен қамтамасыз етілген айналымдармен жобаланады.

Үлкен қалаларда көше тораптарын құрылыс жұмысын жүргізу және жобалау кезінде жоғарғы техникалық класс жолдарының белгісін иемденген жүйрік жолдарды бөлуге ұмтылыс анықталды. Бұл жолдарда транспорт қозғалысының ең жақсы жағдайлары қарастырылған, жүргіншілер толығынан алшақтатылған, транспорт қозғалысы жобаланудың жоғарғы деңгейінде техникалық норма бойынша жолдардың қиылысы қалыс қалады. Нәтижесінде жүйрік жолдарда транспорт қоғамының қозғалыс жылдамдығы шамамен 2 есе ұлғайады, бір бағыттағы транспорт ағымының өткізілу мөлшері 2,5 – 3 есе үлкейеді, жолда жүру қауіпсіздігінің жоғарлауында көлденең жағдаяттар саны 4-5 есе төмендеу нәтижесімен жүргіншілер жол қозғалысынан толығымен алшақтатылады. Автомобильдер жолдарын жобалағанда есептік жылдамдылығы 1.2 кестеде бойынша пайдалану керек.

Кесте 1.2. Жолдардың категория бойынша есептік жылдамдылығы.

Жол категриясы Автомобильдердің есептік жылдамдылықтары, км/сағ
негізгі ауыр жергілікті орындарда
дала арасында тау арасында
I - а 150 120 80
I - б 150 100 60
II 120 100 60
III 100 80 50
I V 80 60 40
V 60 40 30

Жүйрік жолдардың сипатты ерекшелігі олардың құрылыстан алшақтығы болып табылады. Құрылыс төңірегіне кіру және одан тікелей жүйрік жолға шығу рұқсат етілмейді және тек қана арнайы пандус бойынша жүзеге асырылады. Тұрғын үй құрылысы жүргіншілер жолынан 50м шамасында көгалды жерден алшақ салынады.

Жақын жердегі жүйрік жолға құрылыстың транспорттық қызмет көрсетуі жергілікті жол қозғалысының жүргіншілер жолынан бөлек орнатылуы жолымен жүзеге асырылады. Транспорт көліктерінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жүйрік жолдардың басқа көшелермен барлық қиылысқан жері қалтқысыз әр түрлі деңгейде жасалынады. Жол қиылысын бір бағытта орналастыру бастапқыда тек қана уақытша сақтық төңіректе міндетті түрде айырықша бөлінген құрылысқа рұқсат етіледі.

Жүргіншілер қозғалысы толығымен алшақтатылады, ал жүргіншілерге жүйрік жол бойынша жүру тек әр түрлі деңгейде рұқсат етіледі.

Жүйрік жол трассасы жоспарда қисық радиуспен жүргіншілер жолының желімен аз дегенде ұсынылған шамамен 600м кем болмау керек, жобалағандашамасы 3-5 км болу керек. Неғұрлым рұқсат етілген бойлық еңісі 40%, ал ауыр жүк транспорттарының қарқынды қозғалысында - 30%. Қала жолдарындағы қозғалыстың есептік мөлшері 3 – 4 мың және одан да көп автомобильдер санын сағатына құрайды (жеңіл машиналарға келтірілген).

Жалпы қалалық магистралды көшелер қысқаша бағыттар бойынша, ыңғайлы транспорт байланысын нысаналар арасында жалпы қалалық белгіде: тұрғын аудандарды өндірістік аудандарменен, жалпы қалалық орталықпен және демалыс орталығымен жобалайды. Жалпы қалалық белгіленген магистралды көшелер жалпы қалалық орталық пен негізгі тұрғын аудандарды ішкі көлік терминалымен қалаға шығумен және жүйрік жолдармен байланыстырады (темір жол, су жолы және автобус вокзалы, аэропорт).

Жалпы қалалық белгінің магистралды көшелеріне арналған жобалаудың нормасы бойынша қозғалыстың есепті жылдамдығы 80...100км/сағ, қисық минималды радиус жоспарда ось бойынша 400м, ең көп бойлық енісі 50‰ орналастырылған. Таулы және өте қиын жағдайларда, сонымен бірге қайтадан құру төңіректерінде іргелес сақталған құрылыс орындары бар жерде бойлық еністі 60‰ дейін өсіруге рұқсат етіледі.

Тұрғын жерлердің көшелері мен жолдарының жіктелуінде магистралды көшелердің жалпы қалалық белгіленген қозғалыс шешімі бір және түрлі деңгейде қарастырылады. Қиылыстың сол бір магистралының бір және түрлі деңгейде кезектесуі, үлкен транспорт ағымында және қатты жылдамдықпен жүруде оның тиімсіз пайдаланылуына әкеп соқтырады. Әр деңгейдегі қиылыс әдетте негізгі магистралды бағыттарда транспорт көліктерінің үлкен мөлшерімен орналастырады.

Жалпы қалалық белгідегі магистралды көшелер үздіксіз қозға-лыспен есептеулі болашақтағы ағыммен бір бағытта 2000-3000 авт/сағ қамтамасыз етуге міндетті.

Үздіксіз қозғалыстағы магистралдар тек әр деңгейде барлық қиылыстармен жобалануға міндетті. Үздіксіз қозғалыстағы қилысқан жолдан жүргіншілерді өткізу әр түрлі деңгейде жүзеге асырылуы керек. Үздіксіз қозғалыстағы магистралдың көшеде қиылысуы транспорт көліктерінің және жүргіншілердің үздіксіз немесе реттеуіш рұқсатын қолдануға мүмкіндік туғызады.

Үздіксіз жолдардың магистралыүлкен транспорттық ағымның бағыты бойынша жобаланады, сондықтан да, ереже бойынша тұрғын аудандармен қиылысуға болмайды. Егер одан арыла алмаса, құрылыс жолы арасының ара қашықтығын магистраль бойынша құрылыс төңірегін көгалдан алшақтату үшін 100...120 м дейін үлкейтуге болады.

Жалпы қалалық белгідегі реттеуші қозғалыспен магистралды көшелер үлкен қалаларда қарқындылық қозғалыс мөлшері 1500–2000 авт/сағ сипатталады. Магистралды көшелердегі рет-теуіш қозғалыстағы қиылыстар 0,5 км –ден сирек орналастыруды қадағалайды.

Аудандық белгідегі магистралды көшелер қаланың екі немесе одан да көп тұрғын аудандарын өз ара байланыстырады, өндірісті кәсіпорынның топтары немесе бірнеше тұрғын аудандармен бөлек кәсіпорындар немесе жергілікті белгідегі демалыс айналасын және қозғалыс мөлшерін 300 – 1500 авт/сағ келтіріп жүргізеді.

Аудандық белгідегі магистралды көшелерді тұрғын аудан-дардың жалпы қалалық белгідегі көшелерімен байланыста болу үшін және өндірістік аудандармен тікелей жобалайды. Ол жол бойынша әдетте қалалық қоғамдық жолаушылар транспортының бағдарын өткізеді.

Мұндай магистралдарға арналған қозғалыстың есептелген жылдамдығы 80 км/сағ., көп мөлшердегі бойлық еңісі 60‰, ең аз мөлшердегі жоспардағы қисық радиусы 250 м.

Ауыр жүк қозғалысындағы жолдар өндірістік және құрылыс жүктерін қаланың өндірістік және коммуналды-қамбалық аймақтары арасындағы тұрғын үй құрылысынан тысқары басқа көшелермен және бір деңгейдегі жолдармен қиылысу тұрғысымен тасуға тағайындалған.

Тұрғын үй көшелері шағынаудандар мен тұрғын үй кварталдарының транспорттық және жолаушылар байланысына магистралды көшелермен қызмет етеді. Оларға қозғалыстың өлшемдері өздеріне сәйкес шағынаудандардың ауқымына байланысты және 100 – 200 авт/сағ құрайды. Қоғамдық жолаушылар транспортының бағдары әдетте тұрғын үй көшелері бойынша өтпейді. Қозғалыстың жылдамдық есебі 60 км/сағ. Тұрғын үй көшелеріне басқа ғимаратқа немесе сәулеттер тобына апаратын тікелей жол жанасады.

Тұрғын үй аудандарына жатпайтын жергілікті белгіленген көшелер мен жолдарға кәсіпорындар, қамбалар, жүк стансалары, арнайы өндірістік-қамбалық аудандар, коммуналдық және басқа да құрылыстар қызмет етеді. Қозғалыс өлшемдері оларға ауыр жүк автомобильдерінен басым түрде қызмет ететін нысаналар-дың мөлшері мен сипатына байланысты.

Бөлек ғимараттарға шағынаудандар арасында подъездер үшін жүріс жолдар салады, олар әдетте аудандық белгілерде тұрғын үй көшелерімен немесе магистралды көшелермен байланысады. Өндірістік аудандардағы жүріс жолдар бойынша бөлек нысанаға подъезд қолданылады. Жүріс жолдардағы қозғалыстың есептік жылдамдығын 20 км/сағ асырмау керек.

Жүргіншілер жолы шағынаудандарда, тұрғын үй аудандарында, қоғамдық және саудалық орталықтарда, саябақтарда, орман саябақтарында, демалыс орындарында, көрмелерде, спорт кешендерінде және басқа да жүргіншілердің шоғырланған жерле-рінде салынады. Соңғы жылдары қала құрылыстарында транспорт ағымынындағы қозғалыс жолынан жүргіншілердің қарқынды алшақтануына ұмтылысы анықталды. Жүргіншілер жолын жүргінші жолының бойынан тротуар түрінде емес, керісінше қоғамдық транспорттың мәденитұрмыстық қызмет көрсететін бөліміне шығатын өзіндік бағытта, сондай-ақ, арнайы сая жолдар бойынша немесе жүргіншілер жолына салу ұсынылады. Тротуарлар мен жүргіншілер жолының ең көп жалғасқан еңісі 80‰, оларды ереже бойынша 60‰ еңіспен трассалауға болады.

Қабылданған топталуда көрсетілгендей, көшелер мен жолдардан басқа, қала жоспарлануында арнайы белгіленген жолдарды жиі айқындайды (мысалы, басты сауда көшелері, жағалаудағы, саябақтағы жолдар).

Басты көшелер арнайы қоғамдық мекемелерге, жалпы қалалық орталықтағы сауда және сәулетті көрінетін кәсіпорындарға баруға, мерекелік күндерде халықтың көңіл көтеруіне ыңғайлы етіліп салынған. Бұл салтанатты шеру даңғылы. Басты көшелерді әкімшілік және қоғамдық ғимараттар, ірі сауда және сәулетті көрінетін кәсіпорындар, театр, клуб, мұражай басымшылығымен салады.

Сауда көшелері сауда кәсіпорындарының көптеген келушілеріне қарқынды жүргіншілер қозғалысын қалыптастыру үшін жасалынған. Дүкендерге көліктік қызмет ету жолы жүргіншілер жолынан алшақтатылады, және әдетте автомобиль тұрақтары, ғимараттардың аялдамалар бар жағынан салынады. Сауда көшелері арнайы ерекшеленбейді, бірақ басты көшелер құрамына енеді.

Жағалаудағы көшелер өзен, көл, теңіз бойларымен, басқа да су хәуіздерінің жанына салынады. Оған қатысты төңірек су жағына тек бір жағынан ғана ашық кеңістікпен салынады.

Саябақ жолдары транспорт байланысы үшін орман саябағына, қалалық саябаққа, курорттарға, демалыс орындарына арналған. Саябақ жолдары қоғамдық жолаушылар транспортына және жеңіл машиналарға, сондай-ақ, арнайы жол бойынша велосипедшілерге арнайы салынған. Жүргіншілер қозғалысы өзіндік бағыт бойынша немесе саябақ жолының бойындағы аллея бойынша жобаланады.

Қазіргі заманға сай қалалар ереже бойынша, еліміздегі жалпы тораптың автомобиль жолдарының тораптары болып табылады. Жол категорияларын (берілген сан бойынша) қозғалыстың неғұрлым сағаттық қарқындылығымен сәйкес келтіріп, тағайындауға рұқсат етіледі.

Қоғалыстың неғұрлым көп сағаттық қарқындылығы екі бағытта да келешекте 20 жыл алға даму есебімен I категориялы жол үшін – 2400авт/сағ, II категориялы жол үшін – 1600-ден 2400-ге дейін, III категориялы жол үшін – 800-ден 1600 авт/сағ дейін қабылданады.

Қаладан тысқары жолдың негізгі тағайындалуы қалаға және тұрғын жерлерге қатынасы бойынша төмендегідей көрсетілген:

Жалпы қалалық белгідегі қалалық жүйрік жолдар мен магистралды көшелер қаладан тысқары жолдармен ыңғайлы байланыста болуы керек. Демалыс орындарына кіру мен шығу кезіндегі және қалаға қайтып келу кезіндегі өткізілетін мүмкіндік жолаушылардың топталып ағылуы кезінде қозғалыс қарқындылығымен сәйкес келуі керек.