Python тілінде әртүрлі графиктік объектілер мен бейнелерді салуға болады. Ең алдымен графиктік терезе айқындалады.
win = GraphWin('Графиктік терезе', 400, 400)
win.getMouse()
win.close()
# терезені жабу
Объект суретін салу үшін оbj.draw(win) процедурасы қолданылады. Нүкте салу үшін.
Point(x, y), түзу салу үшін Line(Point(x1, y1), Point(x2, y2)) функциялары қолданылады.
obj = Point(x, y)
obj = Line(Point(x1, y1), Point(x2, y2))
Объект түсін анықтау үшін obj.setOutline('түс') әдісі қолданылады.
obj.setOutline('blue')
Шеңбер сызу ұшін obj = Circle(Point(x, y), R) функциясы қолданылады, x, y - шеңбер центрінің координаттары, R - шеңбер радиусы.
Тіктөртбұрыш контурын сызу:
obj = Rectangle(Point(x1, y1), Point(x2, y2))
x1, y1 - жоғарғы сол жақ бұрыш координаттары x2, y2 - төменгі оң жақ бұрыш координаттары.
Эллипс сызу үшін:
obj = Oval(Point(x1, y1), Point(x2, y2))
x1, y1 - эллипстің бірінші фокусының, x2, y2 - эллипстің екінші фокусының координатылары.
Көпбұрыш салу үшін қолданылатын процедура:
obj = Polygon(Point(x1, y1), Point(x2, y2), ... , Point(xn, yn))
Мұндағы x1, y1, x2, y2, ... , xn, yn - көпбұрыш төбелерінің координаттары.
from graphics import *
win = GraphWin('Графика терезесі', 400, 400)
obj = Polygon(Point(10, 10), Point(300, 50), Point(200, 300), Point(150, 150), Point(70, 70))
obj.draw(win)
win.getMouse()
win.close()
Объектіні түске бояу үшін obj.setFill('түс') әдісі қолданылады:
from graphics import *
win = GraphWin('графика терезесі', 400, 400)
obj = Circle(Point(100, 100), 70)
obj.setFill('green')
obj.draw(win)
win.getMouse()
win.close()
Объект шекараларын анықтау үшін setOutline('шекара түсі') және шекара қалыңдығын анықтауға setWidth(қалыңдығы) функциялары қолданылады. Мысалы:
obj.setOutline('blue')
obj.setWidth(5)
Келісім бойынша сурет қара түспен салынады, шекара қалыңдығы 1 пиксель.
Объектіні жылжытуға move(dx, dy) функциясы қолданылады, dx пиксель оңға, dy пиксель төменге.
obj.move(50, 50)
clone() функциясы арқылы жаңа объект салынады:
newObj = obj.clone()
Объектіні экраннан жоюға undraw() функциясы қолданылады:
obj.undraw()
Графиктік терезеге мәтін шығару үшін:
Мәтіндік объект = Text(мәтінді орналастыру координаттары, 'мәтін') msg = Text(Point(70, 90), 'Python Language')
Мәтін өлшемін өзгерту үшін:
Мәтіндік объект.setSize(мәтін өлшемі)
msg.setSize(12)
Мәтін түсін өзгерту:
setTextColor(түс)
msg.setTextColor('black')
Мәтінді өзгерту үшін:
setText('мәтін')
msg.setText('басқа мәтін')
Мәтін стилін өзгерту:
setStyle(стилі)
msg.setStyle('bold')
Мысал 1. Коды:
from graphics import *
win = GraphWin('Графика', 400, 400)
obj = Polygon(Point(10, 10), Point(300, 50), Point(200, 300), Point(150, 150), Point(70, 70))
obj.setOutline('blue')
obj.setWidth(5)
obj.setFill('cyan')
obj.draw(win)
win.getMouse()
obj.undraw()
msg = Text(Point(200, 200), 'экраннан объект жойылды')
msg.setSize(12)
msg.setTextColor('black')
msg.setStyle('bold italic')
msg.draw(win)
win.getMouse()
win.close()