1.2.3. Кілегей қабықтардың лимфоидтық жүйесі









Кілегей қабықтардың лимфоидтық жүйесі – бұл тікелей кілегей қабықта немесе кілегейасты негізінде орналасқан капсуласыз лимфоидтық ұлпаның жиынтығы. Олар ұлпаны құрылымдық және диффуздық құраушы болып бөлінеді.

Құрылымдық бірікпелер дегеніміз – бұл бадамша бездер, пейер түймешелері және т.б. сияқты лимфоидтық ұлпалардың ұйымдасқан қосылыстары, сондай-ақ тікелей кілегей қабықта орналасқан жалғыз, капсуласыз фолликулдар.

Диффуздық құрастырушыларға кілегей және кілегейасты негізінің эпителиалдық қатпарларында орналасқан бірліктік лимфоидтық жасушалар жатады.

Иммундық жауапты іске асыру процесіне қатысуына негізделген лимфоидтық бірікпелердің басқа классификациясы да бар. Онда бір топқа антигенді қабылдау және қайта өңдеу процесі өтетін ағзалар ретінде бадамша бездер, аймақтық лимфатүйіндер және топтық лимфатикалық фолликулдар жатқызылады. Басқа бір топқа эффекторлық иммундық реакцияны жүзеге келтіруші эпителияаралық лимфоциттер жатады.


Бадамша бездердің құрылысы.

Бадамша бездер дегеніміз – бұл кілегей қабық пен дәнекер – тіндік қатпар арасындағы лимфоидтық тін. Сондай – ақ, басқа лимфоидтық ағзаларда, бадамша бездерде фолликулалар (біріншілік және екіншілік) және фолликулярлық кеңістіктер орын алған. Бұл фолликулалар лимфатүйіндер мен көкбауырдың фолликулаларына принципиалдық түрде ұқсастығы болып, олар негізінен В-лимфоциттермен толтырылады.


Пейер түймешелерінің (бляжка) құрылысы (топтық лимфатикалық фолликулалар).


Пейер түймешелері ішектің кілегей қабығында орналасқан. Олардың үш негізгі бөліктері болады.

Эпителийден құралған, ішектік ворсинкалары (қылдары)жоқ және фолликуламен ассоциацияланған, эпителий деп аталатын эпителиалдық күмбез. Ол өз ішіне М-жасушаларының үлкен мөлшерін енгізген. Олар бұл атауды ағза орталығына қаратылған бетінде плазматикалық мембраналық терең инвагинациясы болғандықтан алған (М әрпіне ұқсас). Бұл қатпарлардың ішінде Т және В лимфоциттері, макрофагтар және дендриттік жасушалары болады. М - жасушалары ішектен пейер түймешелрінің ішіне антигендерді тасымалдауға жауапты;

Көбеюдің ірі орталықтары бар біріншілік және екіншілік лимфоидтық фолликулалар кілегей қабықтың тереңінде жатыр. Олар В- лимфоциттерімен толтырылып, олардың едәуір бір бөлігі өз бетінде LgA тасиды, яғни бұл LgA жасап шығарушы жасушалардың алдыңғылары;

Фолликуляраралық аймақта негізінен Т - лимфоциттер, сондай ақ интердигиталдық жасушалар болады. Басқа да лимфоидтық ағзалардағыдай бұл жерде артериолдар маңында Т - лимфоциттер орналасқан.


Негізгі қызметтері.

Бұл ағзалардың негізгі қызметтері енген антигендерді аулау және иммундық жүйе жасушаларының кооперациясымен байланыстырылады.


Кілегей қабықтардың диффуздық лимфоидтық тіндері

Олар негізінен меншікті пластинкалардың лимфоциттері (lamina propria) және эпителиаралық лимфоциттер болып келеді.

Бірінші топ жасушалары – бұл негізінен жеделдетілген LgA бар диффуздық шашыраған В - жасушалар. Кейде бұл жасушалардың жалғыз фолликулалар түріндегі жиынтықтарын байқау мүмкін. Т-лимфоциттері lamina propria ішінде аз ғана мөлшерде болады. Эпителиаралық лимфоциттер болса көбінесе Т- жасушалар көріністе болады.

Иммундық қызметтерге тығыз байланысқан лимфоидтық емес қатардың жасушаларыныңі екі түрін де атап өту керек. Біріншіден бұл – антигенді байланыстың нақты қабілеті бар кілегей қабықтардың дендриттік жасушалары. Екіншіден, эпителиалдық жасушалардың өзі.

Екі түрдегі бұл жасушалар қабыну кезіндегі иммуноцит ретінде өте белсенді бола алады. Бұл жерде эптелиалдық жасушалар кейде ІІ сыныптағы негізгі гистосәйкестіліктегі кешенді (МНС) жеделдетуі және JL-7 секреттеуі мүмкін. Нәтижеде олар Т-жасушалары үшін антигендерді ұсыну және олардың пролиферациясын стимулдау қабілетіне ие болады.