Жемісті өсімдіктердің ботаникалық құрамы және жіктелуі. Мәдени жемiс-жидек өсiмдiктерi табиғи түрлерiнен шыққан, олардың көптеген түрлерi мен формалары қазiргi кезде де өседi. Жабайы және мәдени өсiмдiктер өткен тарихи дәуiрлерде пайда болған. Олар түрлі топырақ пен климаттық және жергілікті экологиялық жағдайларда қалыптасып, дамыған. Сондықтан жемiстi және жидектi өсiмдiктер өсу шамасы мен сипаты және жемiс салуы, жемiс сапасы, өмiр сүргiштiгi мен тiршiлiк жағдайына мұқтаждығы жағынан алуан түрлi.

Осы аталған қасиеттерiнiң және оған қоса жемiстерiнiң тағамдық әрi технологиялық құндылығы мен олардан өндiрiлген өнiмдердiң жемiстерiнiң өзара морфологиялық ұқсастықтарының негiзiнде жемiс-жидектi дақылдарды өндiрiстiк-биологиялық топтарға жүйелеу қабылданған.

Осыған байланысты, практикалық жемiс шаруашылығында қабылданған жемiс дақылдарын топтарға бөлу – ботаникалық жiктеулерге жиi сай келе бермейдi. Өйткенi, жемiс шаруашылығында топтастыру шешiмдерiнiң көбiнде, олардың өсуi мен жемiс салуының морфологиялық-биологиялық бiрлестiгiнiң негiзiнде бiр топтағы дақылдарды өсiрудiң өнеркәсiптiк үйлесiмiмен қарастырады.

Жемiс дақылдары төмендегiдей өндiрiстiк-биологиялық топтарға бөлінедi:

1. Шекiлдеуiктi жемiс дақылдары. Бұл топқа кiретiн жемiс дақылдары раушан гүлдi тұқымдасы, алмалық тармағына жатады.

Жемiсi нәрлi, алма тәрiздес, қалың, жақсы дамыған. Шекiлдеуiктi жемiс дақылдарының жемiсi тасымалданғыш әрi жақсы сақталады (сурет 6).

Шекілдеуікті дақылдар сұрыптарына, телітушілеріне және қолданылатын күтімге байланысты шамамен 15-80 жылға дейін өмір сүреді, жеміс салуы 3-12 жылдан басталады, өнім мөлшері орташа мөлшері орташа бір гектардан 30-50 т. жетеді.

Алма – ең көп тараған дақыл, көлемі жағынан бірінші орын алады (2,3 млн. га). Алма өсіретін аймақтар – Ресей, Украина, Молдавия, Орта Азия, Беларуссия және Қазақстанның оңтүстік-шығыс облыстары. Алманың басқа жеміс дақылдарының арасында жетекші орын алуы оның жемісінің жогаргы сапалылығы, жоғарғы өнімділігіне және әр түрлі өсіп-өну жағдайларына бейімділігіне байланысты.

Бақтағы алма ағашының биіктігі өскелең телітушілерде 8-10 м, аласа телітушілерде 2-3 м-ге дейін болады. Бақтың өскелең телітушілерде орташа өмір суру ұзақтығы 50-60 жыл. Сұрыпына және телітушісіне қарай алма ағашы 3-12 жасынан бастап енім береді. Орташа өнімділігі 1 гектардан 100-300 ц-ге дейін жетеді. Алманың негізгі түрлері: орман, шығыс (кавказдық), алхоры-жапырақты (қытайлық), Сиверс, Недзвецкі, сібірлік жидекті, аласа.

Орман алмасы – ТМД-ның бүкіл Еуропалық бөлігінде өседі. Әр түрлі пішінді көптеген түрлері болады. Ағаштарының биіктігі 12 м-ге дейін, әдетте тікендері болады. Жемістері майда, қышқыл, техникалық қайта өндеу үшін қолданылады. Алманың бұл түрі суыкка төзімді, үлақ өмірлі, өскелең телітуші ретінде көптеген орта орыс сұрыптарына қолданылады. Кейбір түрлері кұрғақшылықка және тұзға төзімді. Кемшілігі – жас бұлаталдардың тамырлары нашар тарамданады (астынан кесу керек).

Сурет 1. Шекілдеуікті дақылдардың жемістері

Алхоры жапырақты немесе қытайлық алма – жабайы түрінде кездеспейді. Ағашының биіктігі 10 м-ге дейін. Жемістері майда, жаңа піскен және өнделген күйінде қолданылады. Бұлаталдарының тамыр жүйесі қуатты, мол тарамдалған, суыққа төзімді. Ағаштар күрғақ-шылықка төзімді, ерте жеміс сала бастайтындығымеи ерекшеленеді. Қытайлық алманың ірі жемісті түрлері алманың кейбір сұрыптарына жақсы телітуші болады.

Сиверстің алмасы – ағашы 8 м. Биіктікке дейін. Жемістерінің көлемі (диаметрі) 2-6 см, әдетте ашық-қызыл, кейде қалың балауыз қабатты сары немесе жасыл, жұпар иісті, қышқылдау. тэтті. Қайта өңдеген және табиғи піскен күйінде пайдалынады.

Памир, Алтай, Тарбағатай, Жоңгар және Іле Алатауларының құрғақ күнгей беттерінде, үйеңкі және жаңғақ ормандарының немесе бұталы тоғайларының шетінде, теңіз деңгейінен 2300 м дейінгі биіктікте өседі. Суыққа, құрғақшылыққа төзімді. Табиғи жағдайларда тамырсабақтар (балақ сабақтар) арқылы көбейеді.

Недзвецкі алмасы – жабайы түрінде Қаратау тауларынан табылады. Мәдени түрлері Орта Азия мен Еуропада кездеседі. Ағашының биіктігі 18-20 м-ге дейін жетеді. Недзвецкі алмасы суыкка және қуаңшылыққа төзімді, өсу жағдайын талғамайды және гүлдері мен жапырақтары кызгалт түсті болғандықтан, сәндік бакша үшін де маңызы бар.

Сібірдің жидек алмасы – жабайы түрінде Байкал аймақтарында кеңінен тараған. Ағашы онша үлкен емес, -56° дейін аязға шыдамды. Тамыр жүйелері шашақты, онша тереңге кетпейді. Жемістері майда (0,3-1 г). Телітуші ретінде және алманың қысқа төзімді сұрыптарын шығаруда кең қолданылады.

Аласа алма – басқаларға қарағанда жылу сүйгіш өсімдік. Қырьмда, Кавказда, Орта Азияда кеңінен тараған. Аласа алманың көптеген түрлері бар. Оның ішінде телітуші ретінде парадизка (жұмақ алмасы) және дүсен түр тармақтарының маңызы зор. Өркенді қайта қалпына келтіру қасиеті зор, тамырларынан балак сабақтар өсіп шығады. Сұлама бұтақтарымен оңай көбейеді.

Алмұрт. ТМД-да 207 мың гектар жерді алып жатыр. Алмұртты өндірістік мақсатта өсіріп-өндіретін негізгі аудандар – Кавказ, Украина, Молдавия, Орта Азия республикалары және Қазақстанның оңтүстік-шығыс облыстары. Ағаштарының биіктігі 12-15 м, өмір сүру ұзақтығы 25 жылдан 50 және 100 жылға дейін. 3-10 жылдан кейін жеміс бере бастайды, орташа енімділігі 1 гектардан 120-150 ц. Алмамен салыстырғанда алмұрттың қысқы жағдайларға, төзімділігі төмен. Алмұрттың 60 түрі зерттелген. Олардың ішінде маңызды түрлері: орман алмұрты, қар алмұрты, кұм алмұрты және уссурия алмұрты.

Орман алмұрты – жабайы түрінде жапырақты ормандарда, кейде орталық Еуропаның қылқан жапырақты ормандарында және орманды далаларында кездеседі. Кавказда, Украина, Курскі және Воронеж облыстарывда көбіне алмамен қосылып, үлкен массивтерде өседі. Пирамидалы бөрікбасты, биіктігі 20-30 м-ге дейінгі куатты ағаш. Жемістері сопақша, қатты, ауыз үйірерлік, қайта өңдеуге және мәдени сұрыптарға телітуші өсіруге тұқымын алу үшін қолданылады. Құрғақ-шылыққа төзімді. Өмір сүру ұзақтығы 100-120 жыл. Алмұрттың мәдени сұрыптары негізінен осы түрінен пайда болған.

Уссурия алмұрты – алмұрттың қысқа төзімдірек түрі. Жабайы түрінде Қиыр Шыгыста өседі. Ағашының биіктігі 15 м-ге дейін. Жемістері өте майда, тұтқыр дәмді. Алмұрттың бұл түрі қысқа төзімді сұрыптарын шығару үшін және телітуші ретінде қолданылады.

Беке – бірнеше түр тармақтарын (алма сияқты, алмұрт сияқты, португалдық және басқаларын) біріктіретін бір ғана түрі бар – кәдімгі беке. Кавказда, Орта Азияда, Молдавияда, Қырымда және Астрахан облыстарында кеңінен тараған. ТМД-да беке 27 мың гектар жерді алып жатыр. Қазақстанда бекенің өндірістік маңызы төмен, бірақ оның кейбір түрлері алмұрт дақылы үшін вегетативті тәсілмен көбейтілуде телітуші ретінде колданылады.

Кәдімгі беке – биіктігі 8 м-ге дейінгі ағаш сияқты бұта. Жемістері тығыз жұмсакты, хош иісті, кішкенеден өте үлкен көлемге дейін болады. Кейбір сұрыптарының жемісін жаңа піскен күйінде жеуге, ал кейбіреулерін тосап, повидло, компот, шырын дайындауға қолданады. Толық жеміс беру кезеңі 4-6 жасынан басталады. Өнімділігі 1 гектардан 200-500 ц-ге дейін. Ағаштары 30-50 жыл өмір сүр

2. Сүйектi жемiс дақылдары. Бұл топтағы жемiс дақылдары раушан гүлдi тұқымдасқа, алхорылық тармағына жатады. Олар-өрiк, шабдалы, шие, қызыл шие, алхоры, шомырт өрiк және т.б (сурет 7).

Сурет 2. Сүйекті дақылдардың жемістері

Жемiсi – сүйектi жемiс деп аталады, олар нәрлi, еттес балдырлы, тасымалданғыштығы төменiрек, ұзаққа сақтауға жарамайды, негiзiнен жасаң түрiнде өңдеуге пайдаланылады. Сыртқы қабаты (экзокарпы) – жұқа, жылтыр және түктi болып келедi; ортаңғы қабаты (мезокарпы) шырынды, еттi; iшкi қабаты (эндокарпы) қатты – сүйектi. Сүйекшенiң iшiнде бiр тұқымы болады. Мұндай жемiстер сүйектi жемiстерге және унаби мен зәйтүн өсiмдiктерiне тән. Бұлардың жемiстерi тек гүл түйiнiнен пайда болады, ондай жемiстердi “нағыз жемiс” деп атайды.

Сүйектi жемiс дақылдары орта шамамен 10-60 жыл өмiр сүредi, жемiс салар шағы 3-5-жылдар аралығында, өнiм мөлшерi бiр гектардан орташа 5-20 тоннаға жетедi.

Шие және қызыл шие – ТМД-да 336 мың гектар жерді алып жатыр. Шие қысқа төзімділігі жағынан алмаға тең деуге болады, сондықтан да алмұрт пен алхорыға қарағанда солтүстік аймақтарда өсе алады. Шиенің барлық сұрыптарын өсу және жеміс беру сипатына қарай, бұтатектес және ағаштектес деп екіге бөледі.

Бұтатектес шиелер – бұта түрінде немесе кішкене сидаммен өседі. Тек ұзын, біржылдық өркендерінде ғана жеміс береді деуге болады.

Шоқ бұтақшалары сирек және ұзақ өмір сүрмейді. Қысқа төзімділігі жоғарылылығымен ерекшеленеді. Отырғызғаннан кейін 2-3 жылдары өнім бере бастайды. Өмір сүру ұзақтығы 15-20 жыл.

Ағаш тектес шиелер – діңгегі айқындалған, биіктігі 6-7 м-ге жететін ағаш, бұтатектес шиеге қарағанда қыска төзімсіздеұ Негізінен шоқ бұтақшаларда, кейде біржылдық өркендерде жеміс салады. Шоқ бұтақшалар 6-7 жылға дейін өмір сүреді. Отырғызғаннан кейін 4-5 жылдары өнім бере бастайды. Өмір сүру ұзақтығы 20-30 жыл. Өнімділігі 1 гектардан 50-70 центнерге дейін.

Шие тегінің 150-ден аса түрі бар. Оның ішінде өндірістік маңызы барлары: кәдімгі, дала, құм және магалеб шиелері.

Кәдімгі шие – тек жеке бір түрлері болмаса, жабайы түрінде кездеспейді. Шиенің брі түрін дала шиесі мен кызыл шиенің табиғи гибриді деп шамалайды. Бұтатектес және ағаштектес түрлері кездеседі.

Дала шиесі – жабайы түрінде ТМД-ның Еуропа бөлігінің орманды дала және далалы аймақтарында өседі. Поволжьеде, Қазақстанда, Батыс Сібірде кеңінен тараған. Биіктігі 1-2 м болып келетін бұта. Атпатамырсабақтармен жақсы көбейеді. Өте жоғары өнімділігімен, қысқа төзімділігімен, топырақ таңдамайтындығымен және тез жеміс салатындығымен ерекшеленеді.

Құм шиесі – отаны Солтүстік Америка. Тығыз әрі қабықты келген, сопақша жапырақтары салбыраңқы жерге төселген бұтақтары бар бұта. Тез жеміс салатындығымен, жоғарғы өнімділігімен, аязға төзімділігімен ерекшеленеді.

Киіз (түкті) шие – биіктігі 1-2,5 м, сұр, киіз түкті, қатпарлы жапырақтары және жіңішке бұтақтары бар аласа бұта. Жабайы түрінде Қиыр Шығыста және Орта Азияда өседі. Қуаңшылыққа төзімді, жоғары өнімді, жемісін ерте береді және басқаларымен салыстырғанда қысқа да төзімді.

Магалеб шиесі немесе хош иісті шие, антипка – биіктігі 4-7 м, бұта немесе ағаш. Құрғақшылыққа төзімді, жарықсүйгіш, бірақ қысқа төзімсіз. Жабайы түрінде Орта Азия, Закавказье, Қырым, Молдавияның оңтүстік беткейлерінде өседі. Жемістері майда, қара түсті дерлік, жеуге жарамсыз. Балақ сабақтар бермейді. Жеміс шаруашылығының оңтүстік аймақтарында шиеге және қызыл шиеге телітуші ретінде қолданылады.

Қызыл шие – жабайы түрінде Кавказда, Украинада, Молдавияда өседі. Ағашының биіктігі 8-12 м-ге дейін жетеді, отырғызғаннан кейін 4-7 жылдары өнім бере бастайды. Өнімділігі 1 гектардан 100-150 ц, ағаштарының өмір сүру ұзақтығы 50-70 жыл.

Алхоры – ТМД территориясында 251 мың га жерді алып жатыр, орташа көлемді ағаш немесе бұта. Алхоры ылгал талдағыш. Еуропаның көп елдерінде кеңінен тараған. 3-4 жылда өнім бере бастайды. Өмір сүру ұзақтығы 20-50 жылға дейін. Тегінде 30 шақты түрі бар. Олардың ішінде ең маңыздылары: мәдени, уссури, канада алхорылары, алша мен шомырт-өрік.

Мәдени алхоры – биіктігі 6-8 м ағаш, жабайы түрінде кездеспейді. Қырымда, Молдавияда, Орта Азияда, Белоруссияда және Украинаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Өнімділігі жүйелі және жоғары, оңтүстігінде 1 гектардан 19т-ға дейін жеміс береді. Аязға төзімділігі алмұртқа жақын.

Уссури алхорысы – Қиыр Шыгыста негізгі жеміс дақылы. Қазақстанның солтустік облыстарында кездеседі. Бізге Маньчжуриядан әкелінген. Көптеген тікендері бар, биіктігі 7-8 м-ге дейінгі бұта. Қысқа жоғары төзімділігімен және өнімділігімен ерекшеленеді. Таңдаулы деген түрлері өсіріліп, селекция үшін қолданылады.

Алша – биіктігі 4-10 м-ге дейінгі ағаш немесе 1,5 м-ге дейінгі бұта. Жеміс шаруашылығының оңтүстік аймақтарында кеңінен тараған. Ағаштарының өмір сүру ұзақтығы 30-40 жыл. Отырғызғаннан кейін 2-4-ші жылдары өнім береді. Өнімділігі 1 гектардан 120-200 ц. Алшаның қыска төзімділігі жоғары және де алхоры мен шабдалының мәдени сұрыптары үшін багалы телітуші болып саналады.

Шомырт өрік – жабайы түрінде кездеспейді. Бұтақтарында тікендері бар, биіктігі 6 м-ге дейінгі бұта немесе ағаш. Жемістері майда. Қысқа төзімділігінің жоғарылығымен ерекшеленіледі. Атпа сабақтары-мен жақсы көбейеді. Алхорының Еуропалық сұрыптары үшін телітуші ретінде қолданылады.

Өрік. Отаны Қытай мен Орта Азия. Солтүстік Кавказда, Орта Азияда, Молдавияда және Украинада өріктің маңызы зор. ТМД-ның 117 мың гектар жерін алып жатыр. Өрік ерте, 3-5 жылдары жеміс бере бастайды. Жыл сайын енім береді, 1 гектардан алынатын орташа өнімділігі 100-130 ц. Ағаштарының өмір сүру ұзақтығы 40-80 жыл. Жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, ерте гүлдейтін, аязға төзімсіз, жақсы аәрацияланған топырақты қажет етеді. Ылғал және ауыр топырактарға төзбейді.

Кәдімгі өрік – бұл ағаш жабайы түрінде Қытайда, Орта Азияда тасты құрғақ топырақтарда өседі. Орта Азияда, Кавказда, Украинада, Молдавияда және Қазақстанның оңгүстігінде мәдени тұрлері есіріледі. Жемістері жаңа піскен және қайта өңделген күйінде қолданылады.

Шабдалы – жылуға және жарыққа қоятын талабы жоғары, терең кұмдауыт және саздақ жерлерде өнім беретін кішкене ағаш. Шабдалылар ыстыққа жақсы, ал суыққа нашар төзуімен ерекшеленіледі. Отырғызганнан кейін 2-3-ші жылдары өнім бере бастайды. Өнімділігі жоғары және жыл сайын 1 гектардан 20-40 т-ға дейін. Ағаштарының өмір сүру ұзақтығы 18-25 жыл. ТМД-да 36 мың гектар жерді алып жатыр.

Кәдімгі шабдалы – жабайы түрінде кездеспейді. Шабдалыны өсі-румен айналысатын негізгі аудандар – Өзбекстан, Армения, Грузия, Қырым, Молдавия және басқалар. Ағаштарының өркендерін қайта қал-пына келтіру қасиетінің күштілігімен, тынығу кезеңінің қысқалығымен және ерте гүлдейтіндігімен ерекшеленеді.

3. Жидектi жемiс дақылдарыю Мұндағы жеміс дақылдары әр түрлi ботаникалық тұқымдастар қатарына жатады. Бүлдiрген, құлпынай, таңқурай, бөрткен-раушангүлдi тұқымдасқа, ал қара, қызыл, сары қарақат, тұшала-тасжарған тұқымдасына жатады. Бұл топтағы дақылдар ең ерте жемiс салатын әрi жемiстерi ерте пiсетiн жеміс дақылдары. Бiрақта тасымалданғыштығы және сақталғыштығы нашар, сондықтан да көбiне жасаң, өңделген күйiнде қолданылады (сурет 8)

Сурет 3. Жидек дақылдары

Жемiстерi негiзiнен – жидек деп аталады, бiрақ та құрылымына қарай бүлдiрген мен құлпынай да күрделi дәнектi жемiс таңқурай мен бөрткен де құрама шырынды сүйек жемiс, ал қарақат пен тұшала да нағыз жидек деп аталады. Жемiстерi жалған жемiс­тiлерге жатады.

Жидек дақылдарының өмiрi орташа 6-30 жылға созылады, жемiс салу кезеңi 2-3-жылдары басталады. Өнiмдiлiгi орта есеппен 3-15 тоннаға жетедi.

Бүлдірген – табиғи жағдайында Еуропада, Азияда, Америкада кеңінен тараған. Бүлдірген ТМД елінде 27 мың гектар жерді алып жатыр. Мәдени сұрыптары ұзақ іріктеу нәтижесінде және чилийлік-виргиндік екі түрін будандастыру арқылы алынған.

Ірі жеміс бау бүлдіргені – тамырсабақты, мәңгі жасыл, көпжылдық шөптесін өсімдік. Жер үсті бөлігі үш түрлі өркеннен (мүйізше, мұртша, гүл сидамы) және ұзын сағакты жапырақтардан құралады. Бүлдірген ең тез жеміс салатын өсімдік, бірақ басқа жидек дақылдарға қарағанда қысқа төзімділігі төмен. Негізінен мұртшаларымен көбейеді. Отырғызғаннан соң, екінші жылы жеміс салады. Кейбір сұрыптары болмаса, гүлдері қос жынысты. Жоғары өнімділігі 3-4 жылға дейін сақталады. Орташа өнімділігі 80-120 ц/га.

Құлпынай – биологиялық ерекшеліктері бойынша бүлдіргенге жақын. Бұл бір жынысты гүлдері бар екі үйлі өсімдік. Жидектері хош иісті, бүлдіргеннің көп сұрыптарына қарағанда майдалау. Құлпынай өнімі төмен, жидектері майда болғандықтан бау бүлдіргеніне карағанда, егісте сирек кездеседі.

Таңқурай – ең ежелгі бақ дақылы. ТМД-да көлемі – 21 мың гектар. Таңқурай – көпжылдық жартылай бұта. Жер үсті бөлігі біржылдық және екіжылдық сабақтарынан, ал жер асты бөлігі (көпжылдық) тамырсабағы және косалқы тамырларынан тұрады. Таңқурай атпасабақтармен көбейеді. Қысқа төзімділігі жоғары. Отырғызғаннан кейін 2-3 жылдары өнім бере бастайды, жоғары өнімділігін 10-12 жыл сақтайды. Өнімділігі 1 гектардан 60-140 ц.

Қарақат – жер үсті бөлігі біртұтас тамыр жүйесінен шыққан, әр түрлі жастағы кептеген бұтақтардан тұрады. Қарақат бұтасының биіктігі 1,5-2,0 м-ден аспайды. Жидек дақылдарының ішінде қарақат, егілген ауданы жағыиан бірінші орын алады (69 мың гектар).

Қара қарақат – суыққа төзімді, оның сұрыптары мен түрлері -40° аязға дейін шыдайды. Қызыл қарақат қара қарақатпен салыстырғанда куаңшылыққа төзімді және өнімді. Қарақаттың орташа өнімділігі бір гектардан 60-100 ц. Плантацияның өнімділігі 15-18 жылға дейін сақталады. Отырғызганнан кейін 2-3-ші жылдары өнім бере бастайды.

Қарлыған – ТМД-да 20 мың гектар жерді алып жатыр. Қарлығанның Еуропалық сұрыптар тобы майда, дәмсіз жидектерімен ерекшеленіледі, бірақ олардың көпшілігі америккалық ақұнтақ, сферотека ауруына төзімсіз келеді. Қарлығанның америкалық сұрыптар тобы майда, дәмсіз жидектерімен ерекшеленіледі. Бұл сұрыптары сферотекаға төзімді келеді.

Қарлыған – бұталы өсімдіктер тобына жатады. Биіктігі 0,5-1,5 м бұта, отырғызғаннан кейін 2-3-ші жылдары жеміс бере бастайды. Плантацияның өнімділігі 15-18 жылға дейін сақталады. Өнімділігі 1 гектардан 120-200 ц.

4. Жаңғақты дақылдар. Бұл топқа, жаңғақ және құрғақ сүйектi жемiс байлайтын әр түрлi ботаникалық тұқымдастарға жататын, қоңыржай аймақтарда өсетiн жемiс дақылдары кiредi, олар: грек жаңғағы, пекан, орман жаңғағы, пiсте, талшын, бадам және т.б. Жемiстерi құрғақ, жеуге жарамайды. Тағамдық мәнi бар бөлiгi – дәнi. Дәнiнiң сыртқы қабаты грек жаңғағы, пекан, бадам, пiстеде сүректелген, сынғыш келетiн қабықпен (экзокарпымен), ал талшын және тұт-жұқа терi тәрiздi қабықпен қапталған.

Жаңғақ дақылдары негiзiнен ұзақ жасайды. Грек жаңғағы, пекан, пiсте орта шамамен 200-500 жыл өмiр сүредi. Жемiс салатын мезгiлi 3-15 жылдар аралығында басталады. Орташа өнiмдiлiгi 10-40 ц/га. Жаңғақ дәнiнiң қуаттылығы жоғары, құрамы негiзiнен жеңiл сiңетiн белоктар мен майдан тұрады. Жаңғақ дақылдарының жемiсi ұзақ сақталады, жеңiл тасымалданады. Олардың дәндерiн тағам ретiнде әрi өнеркәсiпте шикiзат есебiнен пайдаланады.

5. Субтропикалық жемiс дақылдар Бұл топқа кiретiн өсiмдiктер өзiнiң өсiп-өнуi және жемiс беруi үшiн биологиялық талабы бойынша вегетациялық кезеңi ұзақ, қысы жылы климатты және орасан зор қалыпты температура қорын қажет етедi (сурет 9).

Сурет 4. Субтропикалық дақылдар.

Бұлар негiзiнен түспелi жапырақты өсiмдiктер және мәңгi жасыл өсiмдiктермен салыстырғанда суыққа төзiмдiрек – 12-15 градусқа дейiн төзе алады (анар, iнжiр, құрма, зәйтүн, фейхоа).

6. Мәңгi жасыл жемiс дақылдары (цитрустар). Бұл топқа кiретiн өсiмдiктер мәңгi жасыл өсiмдiктер (мандарин, апельсин, лимон, грейпфурт, цитрон, кинкан, трифолиата) – аңызды тұқымдасына, померациялық тармағына жатады. Жемiстерi жидек тәрiздес померанс деп аталады. Олардың сыртқы экзокарпы қалың, жеуге жарамсыз, ерекше хош иiстi, ортаңғы мезокарпы кеуектi пленка тәрiздес, жемiстi жеке бөлiктерге бөлiп тұрады, iшкi эндокарпы шырынды, бөлiгi жеуге жарамды.