Қан кету

Қан кету – бұл қан тамырларынан қабырғасының тұтастығы бұзылған кезде қанның ағуы. Тамырдың зақымдануының түріне және қан кетуіне байланысты қан кету артериялық, веноздық, капиллярлық және аралас болуы мүмкін.

  1. сыртқы қан кету кезінде қан сыртқы ортаға, ішкі – дененің ішкі қуыстарына енеді.
  2. артериядан қан кету кезінде ашық қызыл түске бояып жүрек соғу ырғағына байланысты шапшып, қатты аға бастайды.

Мойын тамырларынан қан кету кезінде қол жетімді заттармен бұрау салу қажет

Мойын тамырларынан қан кету кезінде Крамер шинасын салу

Қолтық тамырлары зақымданған кезде қан тоқтататын таңғыш салу

  1. веноздық жағдайда ол қара «шие» түсті болып жайлап, шапшымаған түрде және өздігінше тоқтап қалу белгілерінсіз біркелкі ағынмен ағады. Ірі вена зақымданған жағдайда тыныс алу ырғағына байланысты қан шапшыған түрде ағуы мүмкін. Сыртқы капиллярлық қан кету кезінде қан «жұтқыш» тәрізді бүкіл жарадан біркелкі түрде жайлап аға бастайды. Аралас түрдегі қансырау кезінде артериялық, веноздық және капиллярлық қан кету белгілері байқалады.

Қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек оның сипатына байланысты және қан кетуді уақытша тоқтатудан және жәбірленушіні жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізуден құралады. Көп жағдайда сыртқы қан кетуді әдеттегі немесе қысым жасау таңғышыме тоқтатуға болады. Жеке таңу пакетінің мақта-дәкелік жастықшасымен немесе басқа стерильді материалмен (ол болмаған жағдайда-таза мақтадәкелік – матамен) қысым таңғыштарын салып жараны тығыз тампондайды және содан кейін тығыз таңғышпен нығайтады.

Гемостатикалық турникет оны Артериялық үдемелі қансырауды басқа әдістермен тоқтату мүмкін болмаған қантоқтатқыш бұраманы қолдануға болады. . Ол киімнің немесе арнайы салынған матаның (сүлгі, дәке, орамал) үстіне салады. Әрбір 15-20 минуттан кейін турникетті, яғни бұраманы босатып, осы уақытта қан кететін тамырды саусақпен басып тұру қажет. Бұраманы салған кезде оның астына кім, қай уақытта салғанын көрсететін жазатайым түсіп қалмайтындай белгі қою қажет.

Жгут, яғни бұрама болмаған жағдайда қан кетуді тоқтату үшін белдікті, орамалды, берік матаның жолағын пайдалануға болады. Белбеуді қос ілмек түрінде бүктеп, аяқ-қолға енгізіп, қатты қысым түрінде таңу ыңғайлы деп есептеледі. Орамал немесе басқа матаны бұраған түрде де пайдалануға болады.

Бастың шашты бөлігіндегі, мойын мен жауырын аймағындағы артериялық қан кетулерді жараның тығыз тампонадасы арқылы стерильді салфеткалармен немесе тампондармен тоқтатады. Салфеткалардың немесе тампондардың үстіне залалсызданған бинті қаптамадан ашып, оны жазбаған түрде жапсырып, шешіліп кетпейтіндей мықтап байлап қоюға болады.

Кез-келген қан кетуі кезінде дененің зақымдалған бөлігін біршама көтеріп, зақымданушының тыныштықты сақтауын, қамтамасыз ету қажет.